Баннер 9 мая от газеты Атырау

Алдағы сайлауда 5 түрлі бюллетень ұсынылады

558054 1610361955 Сайлау

19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Онда дауыс берушілерге 5 түрлі бюллетень ұсынылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. Партиялық тізім бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері көк түсті болып белгіленді.

2023 03 13 c95fd726 c9f5 47d1 85ad 6b7893517de3
2023 03 13 e2521cbb 094c 4f79 9250 870543ae8892

Ал бірмандаттық округ бойынша жасыл түсті бюллетеньдер белгіленді.

2023 03 13 44931ffd b8c0 40f5 8131 e29e45a13479
2023 03 13 a570cfbb 619d 4d84 96bd cc0785fd6d68

Партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бюллетеннің түсі – күлгін.

2023 03 13 11400934 e0e5 4393 a221 70e42f02912a
2023 03 13 c836a202 5825 45a8 b37c 96a448e96162

Ал бірмандаттық округ бойынша сайлау бюллетені – қызылсары түсті.

2023 03 13 f7ce95af b2a9 4d61 90b3 c252a31333c1
2023 03 13 c17c10ac ea5c 4fb7 88df 2e47272b27a0

Бірмандаттық округ бойынша қалалық немесе аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бюллетеннің түсі сұр болып белгіленді.

2023 03 13 d26a80d2 a629 4982 b5ed 265e2e25dc97
2023 03 13 d6b3f707 04e2 4413 b9bd 0d5425a6c578

«Атыраудағы 269 сайлау учаскесінде 19 наурыз күні 2429 комиссия мүшесі жұмыс істейді. Қазір олар толықтай оқыту семинарларынан өткен. Сайлаудың ерекшелігіне байланысты комиссия мүшелерінің де жүктемесі едәуір артып отыр. Бұған дейін 1 бюллетень болса, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында сайлаушыға 5 бюллетень беріледі. Қазір мұнайлы өңірде 445 кандидат тіркелген. Оның 12-сі Мәжіліс депутаттығынан үмітті. Өңірдегі өндірістік орындарда вахталық режиммен жұмыс істейтін жұмысшылар да саяси науқаннан қалыс қалмайды» дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов. Айта кетейік, облыстағы 269 сайлау учаскесінің 11-і – денсаулық сақтау нысандары мен әскери бөлім, сондай-ақ уақытша қамау изоляторында орналасқан жабық учаскелер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз