Жарнама
Сайлау

Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын мұнайшылар да дауыс беруден қалыс қалмайды

Аудан әкімін сайлау науқаны өтіп жатқан екі ауданның да ерекшелігі – өңірлердің аумағында мұнай-газ секторында жұмыс жасайтын өндіріс компаниялары бар. Мұндағы сайлаушылар да дауыс беру процесінен қалыс қалмайды.

–Қызылқоғада вахталық әдіспен жұмыс жасайтын 66 сайлаушы тіркелген. Ұйымдастыру жұмыстарына сәйкес олар сайлау учаскелеріне келіп өз таңдауларын жасайды. Ал Исатай ауданында сайлау комиссиялары вахталық ауысыммен қызмет ететін 500-ден аса азаматтың жұмыс орнына барып олардың дауыстарын алады. Бұл жұмыстар үшін тасымалдау жәшіктері ұйымдастырылған, — деді Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button