Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырау қаласын жауын суынан тазартуға 31 техника жұмылдырылды

Бүгін, 8 мамыр күні Атырау қаласы аумағына 25 мм мөлшерде жауын-шашын түсіп, қолайсыз жағдай тудыруда.

Атырау қалалық әкімдігінің хабарлауынша, қазір жиналған жаңбыр суынан тазарту жұмыстарына жұмылдырылған арнайы техникалар саны толығып, 31-ге жетті. Жұмыстар үздіксіз жалғасып жатыр.

-Жұмылдырылған техника мен қызметкерлер бір уақытта барлық аумақты қамти алмайды. Сондықтан жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Ал мәселеге қатысты өтінімдер 109 бірыңғай байланыс нөмірі және әлеуметтік желі парақшаларымыз арқылы қабылданатынын тағы да еске саламыз, — делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button