Көшелерді жаңбыр суынан тазарту жұмыстары жүруде

fb img 1715146957082 Шаһар шырайы

Атырау қаласында түнде толассыз жауған жауын суын тазарту жұмыстарына 23 арнайы техника – вакуум жұмылдырылды. Қазіргі уақытта «АрнаулыАвтоБаза» мекемесі техникалардың санын толықтыруда. Бұл жұмыстар тәулік бойына жалғасады, – деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігі.

Жұмылдырылған техника мен қызметкерлер бір уақытта барлық аумақты қамти алмайтынын ескере отырып, жұмыс кезең-кезеңімен атқарылады.

Мәселеге қатысты өтінімдер 109 бірыңғай байланыс нөмірі және қалалық әкімдіктің әлеуметтік желі парақшалары арқылы қабылданады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз