Жаңа жоба: «Атырау 360»

aaiait e1714819366395 Жаңалықтар

Енді тұрғындар мен қала қонақтары Жайық өзенінің деңгейін жаңадан іске қосылған «Атырау 360» жобасы арқылы панорамалық форматта бақылай алады. Бұл туралы облыстың төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Жаңа жобаны жергілікті еріктілер облыстық жедел штабтың ақпараттық қолдауымен жүзеге асыруда. Аталған сайтқа күн сайын Жайық бойындағы учаскелердің суреттері салынады. Қазір сайтта Бесікті, ДСК, Авангард және Перетаска аудандарының панорамалық суреттері бар.

Суреттерді https://atyrau360.kz/ ресми сайты арқылы 360 градус форматта көруге болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз