Молдағұлова көшесі жарамсыз күйде

bez imenimvviviviiiiii 1 e1714824234778 Инфрақұрылым

Әлеуметтік желіде Атырау қаласы Әлия Молдағұлова көшесіндегі тас жолдың жарамсыз екенін айқындайтын бейнеролик тарады. Мәселеге байланысты Атырау қалалық әкімдігі түсінік берді.

–Қазір төтенше жағдайға байланысты аталған көше бойымен арнайы техникалардың жиі жүруінен асфальт жабындысының астыңғы бөлігі деформацияланды. Тас жолдың кейбір бөлігі жарамсыз күйде тұр. Бұл көше биыл жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелердің тізіміне енгізілді. Жұмыстарды келесі аптада бастау жоспарланды, – делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Осы жылы жол көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында қалаішілік жолдар мен көпір құрылыстарында пайда болған 30 мың шаршы метр шұңқыр мен ұсақ қиратулар қалыпқа келтіріледі.

Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз