Қазгидромет Каспий деңгейінің жай-күйі туралы мәлімдеді

a05d8884c5b8c4ae531a5297054fc18d 1280x720 Жаңалықтар

«Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Исмагулова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында атап өткендей, 3 мамырдағы жағдай бойынша Каспий теңізінің деңгейі оның солтүстік-шығыс бөлігінде Пешной теңіз станциясының деректері негізінде Балтық жүйесі бойынша 27,87 м белгісіне жақын, шығыс бөлігінде Форт-Шевченко, Ақтау, Құлалы арал деректері бойынша Балтық жүйесі бойынша 29,16 м белгісіне жақын орналасқан.

–Пешной теңіз станциясындағы теңіз деңгейінің көтерілуі Жайық өзеніндегі су тасқыны кезеңімен байланысты және жыл сайын сәуір-мамыр айларында әртүрлі қарқындылықпен қайталанады. 3 мамырдағы жағдай бойынша Жайық өзені – Атырау қаласы маңында су деңгейі 471 см құрады. «Қазгидромет» РМК-ның 2-7 мамырға жасаған болжамына сәйкес Солтүстік Каспийде теңіз деңгейінің орташа мәні 27,77 м-ден 29,3 м-ге дейінгі ауытқулармен минус 28,5 м белгісіне жақын болады деп күтілуде. Желшегерме-желкөтерме құбылыстары күтілмейді, теңіз деңгейінің ауытқуы 15 см-ден аспайды, – деді спикер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз