Атыраулықтар мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды (+ФОТОРЕПОРТАЖ)

img 20240509 wa0040 Жаңалықтар

Жеңіс күніне орай Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жеңіс саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Аталған іс-шараға облыс әкімдігінің өкілдері мен Атырау қаласының басшылығы, құрметті қарауыл ротасы, сарбаздар, Ауған соғысының ардагерлері мен тұрғындар да қатысты.

Айта кету керек, биыл Жеңіске 79 жыл толды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз