Лесхоз тұрғындары эвакуацияланады

screenshot 20240509 154018 telegram Жаңалықтар

Жайық өзенінде су деңгейінің жоғарылауына байланысты Махамбет ауданы Лесхоз қыстауының тұрғындарын эвакуациялау жоспарлануда. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

– Барлығы 7 үйдің 30 тұрғыны эвакуацияланады. Олар үшін Д.Төленов атындағы орта мектепте орналасқан эвакопункт дайындалды.
Қазіргі уақытта қауіпсіз орындарға жергілікті тұрғындардың 310 мал басы көшірілді, – деп хабарлады төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб. 

Айта кетейік, Лесхоз қыстауы Махамбет ауылдық округіне қарайды. Барлығы 25 нысан бар, олардың тек 7-еуі тұрғын үй. Тұрғындар негізінен мал шаруашылығымен айналысады, олардың көпшілігі Махамбет ауылының жергілікті тұрғындары.

Қазір қыстайтын тұрғындар эвакуациялауға дайын, жағдай төтенше жағдай жөніндегі жедел штабының бақылауында.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз