Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

img 20240508 114458 245 1 Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті, – деп хабарлайды akorda.kz.

Содан кейін Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев гүл қою рәсіміне жиналған жұртшылықпен жүздесіп, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз