Әскердегі сарбаз туған жерінде бөгет соғуда

screenshot 20240506 151904 facebook Жаңалықтар

Махамбет ауданы Сарытоғай ауылының тумасы Естай Жоламанов Маңғыстау облысындағы №25744 Теңіз жаяу әскери бригадасында Отан алдындағы борышын өтеп жатқан қатардағы жауынгер. Бүгінде ол өзі туған ауданындағы Жайық жағалауын бекіту жұмысына атсалысуда.

– 390-шы теңіз жаяу бригадасында Отан алдындағы борышымды өтеп жатырмын. Қазір өзімнің туған жерімде қолғабыс етіп бөгет соғудамын. Бүгінгідей төтенше жағдай кезінде көмек көрсету әрбір азаматтың басты парызы деп білемін, – деді сарбаз.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз