Ауылдық округ әкімдері сайланды

img 20240507 wa0075 Жаңалықтар

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин, Миялы, Тасшағыл ауылдық округтерінің әкімі сайланды. Бұл туралы Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мәлімдеді.

Жангелдин ауылдық сайлау округі бойынша 965 сайлаушының 571-і дауыс берді. Қорытындысында 381 дауыспен Миялы орта мектебінің директоры Ғайса Қанат сайланды.
Ал Миялы ауылдық сайлау округі бойынша 4772 сайлаушының 2754-і дауыс берген. Нәтижесінде, 2002 дауыспен «Жангелдин ауылдық округі әкім аппараты» ММ-нің әкімі Аманкелді Бағдаров жеңіске жетті.
Сондай-ақ, Тасшағыл ауылдық сайлау округі бойынша 1043 сайлаушының 751-і дауыс берді. Қорытындысында 543 дауыспен «Тасшағыл ауылдық округі әкім аппараты» ММ-нің әкімі Гүлшара Ізімова бекітілді.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз