Сарайшықтағы эвакуациялық пункт 300 адамды қабылдайды

vmvmv Жаңалықтар

Атырау облысындағы Махамбет ауданында халықты эвакуациялау үшін 22 пункт дайындалды, – деп хабарлайды аймақтың төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.

Сарайшық ауылындағы эвакуациялық пункт Қ.Қарашаұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында ашылды.

10 сәуірде су тасқынына қарсы іс-шараларға байланысты ауданның барлық мектебі онлайн оқыту форматына ауыстырылып, 11 сәуірде аталған білім беру нысанында су тасқыны жағдайында халықты қабылдауға эвакуациялық пунктті дайындау жұмыстары басталған болатын.

– Халықты эвакуациялау кезінде біздің пункт 250-ден 300 адамға дейін қабылдай алады. Қорда қажетті заттар, су, дәрі-дәрмектер мен жеке күтім құралдары бар, – деді мектеп директоры Дания Сабырова.

Айта кету керек, 6 мамырда таңертең Жайық өзеніндегі су деңгейі 15 сантиметрге көтеріліп, 861 см-ге жетті, бұл қауіпті деңгейден 11 см-ге артық.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз