Бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты

img 20240504 wa0146 1 Жаңалықтар

Бүгін 4 мамыр күні Атырау қаласы Махамбет көшесі бойында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің балконынан түтін шығып жатқаны туралы шақырту түскен.
Өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына санаулы минутта жетіп, 5 қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатындағы балконда тұрмыстық заттардың жанып жатқанын анықтады.
Өрт сөндірушілер жедел іс-әрекет етіп, өртті 6 минутта оқшаулады. Сонымен қатар өрттің одан сайын ұласуына және пәтерге таралуына жол бермеді.
Өрт салдарынан балкондағы тұрмыстық заттар бүлінген.
Өрт болған тұрғын үйдегі 27 адам оның ішінде 7 бала дін аман.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз