Атырауда сайлауда жеңіске жеткендердің есімдері белгілі болды

cbde1da67905db48392e551b081abef5 original.198977 Сайлау

2023 жылғы 5 қарашада өткен  Қызылқоға мен Исатай аудандарының  әкімін сайлау қорытындысы шықты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қызылқоға аудандық  аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, ауданда 18614 сайлаушының 10653-і дауыс берген. Сайлауда үш үміткер бақ сынады. Мағжан Жексенов 892, Сәндібек Салықов 1137 дауыс жинаса, ауданның қазіргі әкімі Қанат Әзмұханов 8556 дауыспен айқын басымдықпен жеңіске жетті. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 56.

Қанат Қадыржанұлы 1981 жылы туған, Қызылқоға ауданы Миялы ауылының тұрғыны.

Ал, Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, мұнда сайлаушылар тізіміне 15883 азамат енгізілген. Дауыс беруге 8675 сайлаушы қатысқан. Сайлауға түскен үш кандидаттың ішінде Асылан Ғұбаш 1327, Рашид Муканов 2295 дауысқа ие болса, Нұрым Мусин 4934 дауыспен аудан әкімі болып сайланды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 35.

Нұрым Бекежанұлы 1980 жылы туған, Исатай аудандық мәслихатының төрағасы, Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз