Жарнама
Спорт

Атыраулық боксшы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Атыраулық боксшы Аманат Сабырғали +92 келіде U22 Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
27 сәуір — 6 мамыр күндері Астана қаласында бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтті. Сайысқа 26 мемлекеттен 500-ден астам спортшы қатысты.

Шаршы алаңдағы ақтық сында А.Сабырғалидың жарақатына байланысты дәрігерлердің шешімімен кездесу тоқтатылды.

Аманат чемпионат барысында Қытай мен Иордания елінің өкілдерін ұтып, ақтық сында өзбекстандық спортшымен кездесті.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button