Жайық деңгейі 37 сантиметрге көтерілді

screenshot 20240508 103629 telegram Жаңалықтар

Жайық өзенінің деңгейі Индерде 37 сантиметрге көтеріліп, 959 см болды. Қауіпті деңгейден 114 сантиметрге артық. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары мәлімдеді.

Махамбеттегі гидропостта 15 сантиметрге өсіп, 893 сантиметрге жетті. Бұл көрсеткіш қауіпті деңгейден 43 сантиметрге көп. Ал Атырау қаласында өзен суы бір тәулікте 10 сантиметрге артып, 515 сантиметрді құрады. Мұнда қауіпті деңгейге 35 сантиметр қалды. Айта кетейік, Иректі су қоймасынан секундына 141 текше метр су төгілуде.
Қиғаш өзені Шортанбай гидропостында 2 см, Ганюшкинода 3 сантиметрге көтерілсе, Котяевка ауылы тұсында өзен деңгейі өзгеріссіз. Мұнда келетін Волгоград гидроэлектр бекетінен секундына 15 690 текше метр су жіберілуде.
Сондай-ақ Жем өзенінің деңгейі бір тәулікте 1 сантиметрге төмендеді.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз