«Отан-Ана» әні жаңа форматта жарыққа шықты

img 20240508 wa0075 Жаңалықтар

Өнер иесі, продюсер Әсемхан Ақбаев Атырау қаласындағы Әл-Фараби атындағы «BINOM SCHOOL» мектеп-лицейімен бірлесіп, «Отан ана» әніне жаңа леп сыйлады.

Бұл ән туындының негізгі орындаушысы – белгілі әнші, музыкант Батырхан Шүкеновті еске алуға орай және мамырдағы мерекелер қарсаңында жаңа ковер форматта жарық көрді.
Әнді аталған мектептің VIII сынып оқушысы, «Қазақстан дауысы балалар» жобасының былтырғы маусымының жеңімпазы Нұршат Құсанова және музыкант Айдын Кітапқали орындады.

-Осылайша, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, өсіп келе жатқан ұрпақтың сондай үлгілі болғанын қаладым. Жас буынға тарихымызда қандай да бір қиын кезең болса, оның барлығын ел болып жеңіп келе жатқанымызды сезіндіргім келді. Тәуелсіздікке қол жеткізу – бір мәртебе, ал оны сақтап қалу бәріміздің мойнымызға артылған жүк деп білемін. Әркім өзінің қолынан келер іспен елге демеу болғаны дұрыс деп санаймын. Өйткені Отан-Ана – бәрімізге ортақ пана, – дейді Әсемхан Ақбаев.

Ұлболсын МАРСОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз