Құлсарыда жол құрылысы салынуда

img 20240508 wa0008 Инфрақұрылым

Жылыой ауданының кешенді даму жоспарына сәйкес, былтыр аудан орталығы – Құлсары қаласында жалпы ұзындығы 31,8 шақырымды құрайтын жол салу жұмыстары басталған болатын. Бүгінде бұл жұмыстар одан әрі жалғастырылуда.

Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, мердігер кәсіпорын «Қазкомсервис» ЖШС өткен күзде қаладағы 110 көшеге ірі түйірлі асфальт жабындысын толықтай төсеп қойған. Енді екінші қабатын төсеу жұмыстарын қолға алды.

Дәулетқали АРУЕВ
Жылыой ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз