Индерлік 1600 тұрғын эвакуациялық пунктке тасымалданады

ba1eba58 1b94 4bb4 a843 1253d1d2ad7c Жаңалықтар

Индер ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры
Парасат Боранбайұлының айтуынша, тасқын орын алып, тұрғындарды көшіру қажеттілігі туындаған жағдайда эвакуациялау жұмыстарына 150-ге жуық қызметкер жұмылдырылады
, – деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.

«Эвакуациялауға қатысатын мамандардың қатарында төтенше жағдайлар бөлімі, полиция, жергілікті атқарушы органдар өкілдері бар. Сонымен бірге, 26-ға жуық техника дайын тұр. Тасқын қауіпі туған жағдайда дабыл белгісі іске қосылатын болады», – деді Парасат Боранбайұлы.

Индербор кентіндегі Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп қауіпті аймақта орналасқан елдімекен тұрғындары үшін дайындалған эвакопункттердің бірі.

Аталған мектеп директоры Мереке Жұмашеваның айтуынша, мұнда 45 кереует, 45 әскери төсек-жабдық дайындалған.

«90 орынға спорт залы дайындалды. Бір мезгілде асханадан 100 адам тамақтана алады. Дене тәрбиесі сабағы мектеп ауласындағы алаңда өтіп жатыр. Басқа пәндер офлайн форматта өтуде», – деді спикер.

Еске сала кетелік, 6 мамыр күні Индер ауданында Жайық өзеніндегі су деңгейі сағат 08.00-дегі ахуал бойынша 884 сантиметрге жетті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз