Басқармада ана мен бала мәселелері жөніндегі орынбасар тағайындалды

img 20240506 wa0033 Медицина

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев жаңа орынбасары Альмира Сабырғалиеваны ұжымға таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі, – деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

Сабырғалиева Альмира Талапқызы 1985-1992 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтында «педиатрия» мамандығын аяқтаған. Кейін облыстық балалар ауруханасында бір жыл «дәрігер педиатр» мамандығы бойынша интернатурадан өткен.

Әр жылдары Индер аудандық ауруханасында дәрігер педиатр-инфекционист, бөлім меңгерушісі, Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігер-инфекционист, бас дәрігердің орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Бүгінгі жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін 2013-2024 жылдары Атырау облыстық перинаталдық орталығында бас дәрігердің балалар сұрақтары бойынша орынбасары, бөлім меңгерушісі, емдеу ісі жөніндегі орынбасары, әдістемелік ұйымдастыру қызметінің басшысы болды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз