Қауіпті аймақтарда 33 жүкті ана бар

2020 11 05 5fa29ed7d7512827412862 Медицина

Атырау облысының Индер ауданында мамыр айында босануы күтіліп отырған 13 жүкті ана бар. Жарсуатта – 9, Құрылыс ауылында 4 болашақ ана тіркелген. Қазір жеңілденетін күні жақындаған бір ана Атырау қаласына жіберілді. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

–Индер ауданы жалпы 258 жүкті ана есепте тұр. Оның ішінде Жарсуат, Құрылыс ауылдарында 33 жүкті ана бар. Қазіргі уақытта үшінші триместрдегі жүкті аналарды ерекше бақылауға алып отырмыз. Тасқын қауіпі төнген жағдайда күні жақындаған аналар орталық ауруханаға эвакуацияланады. Бұдан бөлек, үй жағдайында ем алып, төсек тартып жатқан науқастар шұғыл эвакуацияланып, аудандық орталық аурухана мамандарының күтіміне алынады, – деді Индер аудандық ауруханасының директоры Анаргүл Доспаева.

Сондай ақ бүгінде аудан бойынша эвамедициналық бригадалар құрылып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз