Ардагерлерге көмек көрсетілді

img 20240508 wa00891 Жаңалықтар

Жеңіс күні мерекесіне орай Исатай аудандық ауруханасы мен бастапқы медициналық санитарлық көмек мекемелерінің қызметкерлері игілікті іс жасады.
Ақ халаттылар аудандағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген тұрғындардың үйлеріне барып, дәрігерлік кеңестерін беріп, көмектерін көрсетті. Қан қысымын өлшеуден бастап, талдамалар жасады. Жүректерін электрокардиаграммаға түсіріп, басқа да медициналық қызметтермен қамтыды.

Дәулетқали АРУЕВ
Исатай ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз