Атыраулық полицейлер «Айбын» орденін және генерал-майор атағын алды

img 20240506 202647 271 Жаңалықтар

Отан қорғаушылар күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін еліміздің бір топ азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады. Салтанатты жиында мұндай құрметке ие болғандардың қатарында атыраулық полицейлер де бар.

Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Нұрхат Оразбаев полиция генерал-майоры арнаулы атағына ие болды. Осыменен Нұрхат Кенжебайұлы тізімде облыстағы төртінші генерал-майордың қатарынан орын алды.

Сондай-ақ Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен Атырау облысының Құрманғазы ауданы полиция бөлімінің инспекторы Роман Насихан марапатталды.

Айта кету керек, Роман Серікұлы биыл қыста мұзға батқан әйелге дер кезінде көмек көрсетіп, өмірін құтқарып қалған болатын.

Награда иелерін айтулы марапаттарымен құттықтаймыз. Еліміздің қауіпсіздік қызметінің қалқаны қашан да берік, ел аман, жұрт тыныш болғай!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз