Сарбаздың әскери бөлімнен қару алып шыққаны расталды

384e35d1 9237 4e8b bb28 98b36f543e8d Құқық

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Атырау гарнизонының баспасөз қызметі мерзімді қызметтегі сарбаздың әскери бөлімнен қару алып шыққаны туралы мәліметті растады» деп хабарлады Kazinform агенттігі.
«2024 жылғы 8 мамырда Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметін атқарып жүрген сарбаздардың бірінің өзіне бекітіліп берілген қаруды алып, әскери бөлімді өз бетімен тастап қашып шығу дерегі тіркелді. Қазіргі уақытта әскери қызметші бөлім аумағында. Зардап шеккендер жоқ. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді», – деп жазылған ресми мәліметте.
Кейбір мәліметтерде әскери бөлімнен қашқан сарбаздың Көкшетау қаласының тумасы екені, оның Қарулы күштер қатарына биылғы 18 сәуірде шақырылғаны айтылған.
Мәселеге байланысты Атырау облыстық полиция департаментінің ресми өкілдері де мәлімдеме жасады.
«Әскери бөлімнен кету дерегіне қатысты мерзімді қызметтегі сарбазға қатысты Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және УҰИ-на қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды» делінген
аталған департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Дәулетқали АРУЕВ

Сурет: «Kazinform»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз