Православтар Пасханы тойлады

img 20240505 wa0079 Жаңалықтар

Бүгін, 5 мамырда бүкіл православие әлемі Пасханың келуін тойлайды. Сенбіден жексенбіге қараған түні Атырау қаласының Успен соборында салтанатты Пасха рәсімі өтті, – деп хабарлайды ATPress.kz.

Успен соборының діни қызметкері Ерей Михаил Соколовтың айтуынша, дұға ету кезінде қауым ел мен аймақтағы бейбітшілік пен тыныштық үшін дұға еткен.

-Пасха аптасындағы басқосуда қауым біздің еліміздің табиғи апаттардан аман-есен өтуі үшін дұға етті. Аймақ жергілікті тұрғындарға еш зиян келтірілместен су тасқыны шыңынан өте алады деп үміттенеміз. Біз дұға етуді жалғастырамыз, – деді Ерей Михаил Соколов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз