Серік Шәпкенов облыс тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтады

photo 107267.jpeg Жаңалықтар

Құрметті жерлестер!
Қадірлі тыл еңбеккерлері!

Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
9 мамыр – ізгіліктің зұлымдықты жеңген даңқты сәттерінің бірі – қанқұйлы фашизмді тізе бүктірген тарихи күн.
Адамзат тарихындағы ең жойқын қырғынның қаһармандарын әркез құрмет тұтамыз!
Сұрапыл соғыстың тағылымын есте сақтау, аға ұрпақтың теңдессіз ерлігін ардақтау, ардагерлерге қамқорлық көрсету – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Өңірімізде соғыс өртіне шарпылмаған шаңырақ, қасіретін тартпаған бірде-бір отбасы жоқ.
Атыраулықтар қаһарлы жылдардың барлық ірі шайқастарына қатысты. Қан майдандағы ерлік пен тылдағы толассыз еңбек Жеңістің негізгі құрамдас бөлігіне айналды.
Сан ұрпақтың бейбітшілігі мен өмір сүру құқығын қорғаған қаһарман батырлардың есімі ешқашан ұмытылмайды.
Жеңімпаздар буынының жасампаз ісі, қайсарлығы мен табандылығы баршамызға үлгі болып қала бермек.
Еліміздің аспаны ашық, бақ-берекесі мол болсын!

Ізгі тілекпен,

Атырау облысының
әкімі Серік Шәпкенов

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз