Құлсарыда 4000-ға жуық тұрғын қоғамдық штабтың қызметіне жүгінді

fb img 1715085629186 Жаңалықтар

Атырау облысы Жылыой ауданында су тасқынының салдарын жою мақсатында құрылған қоғамдық штаб бүгінде 3681 тұрғынға қызмет көрсетті.
6 мамыр күнгі мәліметке сүйенсек бүгін 25 құлсарылық су тасқынынан кейінгі әртүрлі мәселе бойынша қоғамдық штабқа жүгінген, – деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.

Қазіргі уақытқа дейін қоғамдық штаб жергілікті әкімдікпен бірлесе отырып, ХҚО, банк, Қазпошта сияқты әлеуметтік нысандарды қайта іске қосуға атсалысты.

Еске сала кетелік, қоғамдық штаб Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, №9 орта мектеп ғимаратының акт залында қызмет көрсетуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз