Эвакуациялық пункттерде 686 құлсарылық бар

img 20240507 142712 652 Жаңалықтар

Су тасқыны кезінде эвакуацияланған тұрғындардың бір бөлігі қазір «Теңіз» вахталық қалашығында, Ақтау және Құлсары қалаларындағы эвакуациялық пункттерде, – деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.

Бүгінде «Теңіз» вахталық қалашығының 2 эвакуациялық пунктінде – 418, Құлсары қаласында 2 эвакуациялық пунктте – 163, Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 3 эвакуациялық пунктте 105 адам бар.

Айта кету керек, тасқын кезінде Құлсары қаласында 36 738 адам эвакуацияланған болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз