Республика күніне арналған «Айбынды, абыройлы, асқақ елім» атты көрме-диалогы өтті

screenshot 10 Мәдениет

Бүгін Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Айбынды, абыройлы, асқақ елім» атты көрме-диалогы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кітапханашылар оқырмандарды кітап көрмесімен таныстырып, Республика күні – Ұлттық мерекесінің мән-маңызын түсіндірді. Тарихтан сыр шертетін құнды кітаптар мен басылымдар кітапхана оқырмандарына, мектеп оқушыларына таныстырылды.

  • Бүгінгі көрменің негізгі мақсаты – Тәуелсіз Қазақстан туралы, сондай-ақ егемендігіміз бен тарихымыздан сыр шертетін әдебиеттерді ұрпаққа насихаттау. Келушілер кітап көрмесімен танысып, тарихқа қызығушылықтарын білдіріп жатыр, деді кітапхана директоры Сара Ізмұханбетова.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз