Жылыойдағы судың сапасы туралы ақпарат тарауда

screenshot 20240421 201804 facebook Қоғам

Әлеуметтік желілерде Жылыойдағы су сапасын тексерудің нәтижесі көңіл көншітпейтіні туралы ақпараттар таратылуда. Бұл жағдайға байланысты Жылыой аудандық әкімдігі түсінік беріп, мәліметтің жалған екенін атап айтты.

– Тұрғындарға әлеуметтік желілердегі ақпараттардың дұрыстығына көз жеткізбей таратпауды сұраймыз. Жалған мәліметті тарату, бөлісу жауапкершілікке алып келеді. Ресми хабарлама Жылыой ауданы әкімдігінің парақшасында жарияланатынын хабарлаймыз, – дейді атаған әкімдіктің ресми өкілдері.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз