Құрманғазының Көптоғай ауылында көпір салынады

img 20240421 wa0136 Инфрақұрылым

Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылының тұрғындары осы кезге дейін жылжымалы көпір (паром) арқылы қатынап келеді. Бұл – ауыл халқының көптен бері шешімін таппай жүрген мәселесі. Жақында өңірде облыс әкімінің қолдауымен көпір салынады.

Аудан әкімі Абат Жанғалиевтың айтуынша, қазіргі уақытта көпірдің жобалық сметалық құжаты жасақталуда.

-Сонымен қатар, Бірлік, Сафон, Теңіз елдімекені тұрғындары үшін ауданның сыртқы айналма жолына тіке шығатын тағы екі көпірдің де жобалық-сметалық құжаттары жасақталу үстінде. Бұл жобалар жүзеге асса судың ортасында отырған елдімекен тұрғындары үшін үлкен жеңілдік болады, – деді А.Жанғалиев.

Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз