Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Махамбетте 4 мың түлік көшірілді

Атырау облысының Махамбет ауданында барлығы 4 мың төрт түлік 17 айдау бағыты бойынша қауіпсіз орынға көшірілді. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Олжас Мырзабаевтың айтуынша, бұл жұмыс сала мамандарымен, ауыл әкімдерімен, мұндай істе тәжірибесі бар ел ағаларымен ақылдаса отырып, алдын ала белгіленген карта-маршрут бойынша жүзеге асырылуда.
– Бүгінде өңірде түліктің барлық түрі бойынша мал басы 50 мыңға жуықтайды. Қазір соның оннан бір бөлігі су тасқынынан аман алып қалу мақсатында қауіпсіз жерге аударылды. Бұл жөнінде егін шаруашылығымен шұғылданатын, қауіпсіз аймаққа жататын 46 шаруа қожалығының басшыларына ескертілді, — дейді салалық бөлім басшысы.
Жайық өзенінің бұқар бетіндегі Ақжайық ауылдық округіне қарасты орталықтан 10-15 шақырым жердегі екі учаске жануарларды эвакуациялау орны ретінде белгіленген. Округ әкімі Ақтұрлан  Ермановтың сөзінше, бақташыларға қолайлы жағдай туғызылған. Қазірдің өзінде ірі қара малының үштен бір бөлігі бекітілген орынға көшірілген. Қажеттілігіне қарай ұсақ малды да орналастыратын орын дайындалды.

Дәулетқали АРУЕВ
Махамбет ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button