Әсем ән әуелеп, күй күмбірі төгілуде

img 20240325 wa0044 Мәдениет

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының ұйымдастыруымен өңір көркемөнерпаздарының «Наурыз думан» концерті жұртшылық назарына бүгін де ұсынылуда.
​Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара мақсаты – облысымыздың дарынды жастарының өнерін халыққа паш етіп, Наурыз мерекесін кең көлемде тойлау. Ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлау.
Шара шымылдығын “Той бастар” күйімен “Жас дарын” өнер орталығының оқушылары түрді. Өнерпаздар әрі қарай «Нәр ағашы» күйін күмбірлетіп, көпшіліктің көңіл-күйін көтерді. Ал қазақ биі «Дала әуенін» мың бұрала билеген «Ad_dancestudio» би студиясы бишілерінің өнеріне таңғалмаған жан болмады.
Бұл күні ән де айтылып, би де биленіп, қара домбыраның шанағынан күмбірлеген күй де төгілді. Ал, «Еркесылқым» сән үйінің коллекциясы «Қазағым-ай» дефиле-биімен үйлесім тапты.


Айдарбек АҚАРЫС

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз