Биыл Құрманғазы ауданында «Лотос фестивалі» өтеді

2023 01 04 372246c6 9515 4d15 88d2 4d716d90562c Жаңалықтар

Бұл туралы аудан әкімі Абат Жанғалиев мәлімдеді.

-Фестиваль арқылы аудан табиғатын республикаға және әлемге танытып, туристер тартуға болады. Жиырма күнге жоспарланатын «Лотос фестиваліне» келушілерге толық жағдай жасап, киіз үйлер, жатын орындар, тамағы, ойын-сауық, трансфер секілді бүкіл қажеттіліктер тас-түйін дайындалады. Өнерпаздар мен суретшілер тартылады. Жалпы, қазіргі көктемгі су тасқынын алдын алып, толық жағдай реттелген соң, «Лотос фетиваліне» дайындықты бастаймыз. Бұл – өңірімізде бұрын-соңды болмаған іс-шара. Туризм саласына үлкен серпін береді деп сенемін, – деді Абат Жанғалиев.

Айта кетейік, Құрманғазы ауданы жүзарал суларымен, тамаша табиғатымен көпшілікке белгілі. Әсіресе, ауданда өсетін Лотос гүлдері – әлемде сирек кездесетін өсімдіктің түрі. Мұнда Лотос гүлдері шілде айының екінші онкүндігінен бастап тамыз айының ортасына дейін гүлдейді. Осы кезде ерекше гүлдерді тамашалауға өңірге келушер қарасы көбейеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз