Тұрғындарды қалыпты өмір салтына тезірек оралту маңызды

iiaviaia Қоғам

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы онлайн форматта өткенімен, мен үшін өте әсерлі болды. Өйткені ел Президентінің жиында сөйлеген сөзі көңілге үміт ұялатты.

Мемлекет басшысы су тасқынының салдарынан жаңа үйлер, мектептер мен жолдар салуы керектігін алға тартты. Алдағы уақытта сол бағытта бірге күш біріктіруге үндеді. Сондықтан біз де этномәдени бірлестігіміздің атынан қолдау көрсетуге дайынбыз.

Бұған дейін 20 күнге жуық Атырау қаласындағы «Геолог» шағынауданындағы жағалауда ерікті түрде жұмыс істедік. Бүгінгі жағдай – бәріміздің басымызға түскен сынақ. Сол үшін шетте қарап тұрмауымыз қажет. Уақыт зымырап, алдағы жаз айлары тез-ақ өтеді де кетеді. Сондықтан зардап шеккен тұрғындардың көп кешікпей қайтадан баспаналы болып, қалыпты өмірге еніп кетуіне атсалысуға әзірміз.

Эльдар АХМЕДОВ,

«Новруз» әзербайжан этномәдени бірлестігінің өкілі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз