Бір аптада екінші жәрмеңке ұйымдастырылды

img 20240421 wa0013 Ауыл шаруашылығы

Өздеріне өр суы келмесе де, көрші ауылдарға қауіп төнгенде қолұшын беріп, көмектескен, қиындықта қолдау көрсетіп, қастарынан табыла білген Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы мұқырлықтар кейінгі кездері көпшілікке үлгі боларлық игі істі қолға алды.

Мұнда аптаның басында және соңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі 2 мәрте өткізіліп келеді.

-Бұған ауыл кәсіпкерлерінің өздері ұйытқы болуда. Мәселен, жұмада жалғасын тапқан жәрмеңкеде жеке кәсіп иелері К.Бекбергенова мен М.Жексенова әдеттегідей малдан өндірілетін сүт өнімдеріне қоса, бидай ұнынан дайындалған тағамдардың түрлерін тұтынушыларға дүкендердегіден әлдеқайда төмендетілген, қолжетімді бағамен ұсынып, базарлай келген көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл жолы сиыр сүтінің литрі – 700, айран – 500, қаймақ – 4 000, қолдан жасалған құрттың келісі 2 500 теңгеден сатылды. Сол сияқты, тәтті бөлкенің бір данасы 100 теңгеден саудаланды. Жәрмеңке алға қарай да жалғаса береді, – дейді Мұқыр ауылдық округінің әкімі Азамат Жақсиев.

Дәулетқали АРУЕВ
Қызылқоға ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз