Пәтердегі өрттен 2 бала қаза тапты

bb3c1f8e38d8b106f26b803b6263e9dc 1280x720 Жаңалықтар

Бұл оқиға Атырау облысының Индер ауданында орын алды. Бүгін 25 сәуірде сағат таңғы 05:40 шамасында аудан орталығы – Индербор кентінде тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде түтін шығып жатқаны туралы полицияға хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде баспана толықтай жанып кеткен. Өкінішке қарай, пәтердің жатын бөлмесінен 10 және 7 жастағы балалардың өлі денелері табылды, – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғанындай, бұдан басқа балалардың 28 жастағы анасы мен 30 жастағы ер адам ес-түссіз күйде табылып, аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

-Аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнынан жанар май иісі бар құты қалдықтарын анықтаған. Жақын жердегі жанар май бекетінен бензин сатып алған 31 жастағы жәбірленушінің танысы бейнекамералар арқылы анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті тез арада ізін суытпай Орал қаласына бағыт алған жерінен ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қазіргі таңда күдіктіге қатысты басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату, екі немесе одан да көп адамды өлтіру, аса қатыгездiкпен, басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен, төтенше жағдай кезінде жасалған және жасөспірімдерді өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалып тергелуде, – дейді департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.

Айта кету керек, аталған бап бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бас бостандығынан өмір бойына айыруға жазасы көзделген.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз