Айыппұл кешірілуі мүмкін

9d2dab362d3a486212d6200f1402c920 Жаңалықтар

Қазір Жылыой ауданында жол жүру қағидасы бойынша құқықбұзушылықты автоматты түрде тіркейтін камералар өшіп тұр. «Бейнебақылау жүйесін Жылыой аудандық полиция бөлімі жағдай тұрақталғаннан кейін қосады» дейді мамандар.

– Құлсары қаласында «Сергек» бақылау камералары 4 сәуірде өшірілді. Содан бері қалада ешқандай құқық бұзушылық тіркелген жоқ. «Кибер-шериф» қондырғысы бар автокөліктер Құлсары қаласының сыртындағы тасжолдарда қауіпсіздікті қадағалап жүр. Төтенше жағдай кезінде тіркелген айыппұлдар тұрғындардың шағым беруі арқылы кері қаралатын болады. Айыппұл төлеу туралы нұсқама көрсетілген мекен-жайға ұсынылады. Тұрғындар шағымын, жылдамдықты қандай қажеттілікке байланысты асырғанын дәлелдейтін құжаттарды ұсынуы қажет. Мысалы, бала-шағасын эвакуациялық пунктке шұғыл жағдайда апарған болуы мүмкін. Сол мекен-жай бойынша сұраныс беріліп, маршруттың сәйкестігі тексерілген соң шешім қабылданады,-деп түсіндірді облыстық полиция департаменті әкімшілік практика бөлімшесінің бастығы Ғарифолла Тайшыбаев.

Тұрғындардың айтуынша, су тасыған кезде жылдамдықты асырып, көлікпен қаладан тезірек кетуді ойлаған. Сол кезде құлсарылықтардың біразы «Сергек» камерасына түсіп қалса керек.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз