Қиғаш өзенінің суы молаюда

kigach 1 Жаңалықтар

Қиғаш өзенінің деңгейі Шортанбай гидро бекетінде бір тәулікте 23 сантиметрге көтерілген. Котяевкада – 16 см, Ганюшкинода 7 сантиметрге артқан.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары мәлімдеді.

Ал Волгоград су қоймасынан секундына 19 670 текше метр су жіберілуде.
БҚО-дан келетін су есебінен Жайық өзені Индербор кентінде – 7 см, ал Махамбет пен Атырау қаласындағы гидропосттарда 5 сантиметрге көбейген. Иректі су қоймасынан секундына 294 текше метр су жіберілуде.
Сондай-ақ Жем өзенінің суы бір тәулікте 5 сантиметрге азайып, жалпы деңгейі 174 сантиметрді құрады.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз