Төтенше жағдай министрлігінің жеке құрамы мен техникасы Атырау облысына қарай ауыстырылады

e4157219 10e4 46e1 b4d3 2a1c2520f9c4 Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысының аумағын барлау кезінде вице-премьер Қанат Бозымбаев еліміздің Төтенше жағдай министрлігіне су тасқыны шыңына тап болған аудандардан Жайық өзенінің төменгі ағысындағы елді мекендерге Атырау облысының шекарасына дейін жеке құрам мен техниканы ауыстыруды тапсырды. Бұл туралы kazinform агенттігі хабарлады.

Орынбордан Жайық өзеніне келетін су деңгейі біртіндеп төмендеген. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Озерное, Рубежинское және Январцево ауылдарында судың азаюы байқалады.

Мамандардың болжамы бойынша, Батыс Қазақстан облысында су тасқыны күрт өспейді.

Орал қаласында күрделі жедел жағдай сақталуда. Қалада 6 мыңнан астам адам, оның ішінде ТЖМ мен Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері бар, олар елдің басқа аймақтарынан келген. Тағы 200 әскери қызметші келеді деп күтілуде. Маңғыстаудан келген Қорғаныс Министрлігі жеке құрамының 100 адамы үш ауысымда жұмыс істей отырып, Шаған өзеніндегі Мичурино ауылына жұмылдырылады. Ақтөбе, Астана және Алматы қалаларынан ондаған сарбаз бен құтқарушылар қалған шағынаудандарда бөгеттер салып жатыр.

Вице-премьер Қанат Бозымбаев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқандардың барлығына алғыс білдіріп, қауіптің алдын алуда жұмысты күшейту үшін барлық қажетті жағдайды жасауды тапсырды.

Бұған дейін хабарланғандай, Жайық өзенінің деңгейі БҚО-да 9,5 метрге дейін көтерілуі мүмкін.

21 сәуірде Жайық өзенінің жайылмасында Орал маңындағы «Стеновик» саяжайының бір бөлігі су астында қалды. Бұл жағдай бұған дейін саяжай тұрғындарына хабардар етілд, көпшілігі уақытша орналастыру орындарына алдын-ала эвакуацияланды. Алайда кейбір тұрғындар барлық ескертулерге қарамастан үйде қалды. Жексенбіде олар да мәжбүрлі түрде эвакуацияланды.

Батыс Қазақстан облысының эвакуациялық пункттерінде 2 300 адам, оның ішінде 985 бала бар. Орал қаласында саяжай учаскелерінің 60-тан астам тұрғыны эвакуацияланды.

Айта кету керек, «Қазгидромет» РМК БҚО-ның су басу қаупі бар аймақтарын атады. Бұл – Орал қаласының саяжайлары және Бөрлі, Бәйтерек, Теректі, Ақжайық аудандарындағы Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз