«Ақжолдықтар» да ахуалға алаңдайды

img 20240422 wa0200 Қоғам

Атырау облысы төңірегіндегі жаға бекіту жұмыстарында «Ақ жол» демократиялық партиясы да төбе көрсетті.

Партия төрағасының орынбасары Серік Ерубаевтың айтуынша, 10 күн бұрын Атырауға келіп, жергілікті партия депутаттарының басын қосып, бөгет тұрғызу жұмысына жұмылдырылған.
Олар «Көкарна» шағынауданы, «Теміржол көпірі», «Ескі базар» мен «Ерік–Мостовой» каналы маңындағы дамбы соғу жұмыстарында күш біріктірген. Одан бөлек 30-ға тарта техника бөліп, маңайдағы жұмысшылардың асын дайындап, биодәретхана салып берген. «Қазір де сол жұмыстар жалғасын табуда»,- дейді С.Ерубаев.
– Атырау облысындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанын естіп, 6 сәуір күні Астанадан мұнайлы өлкеге атбасын бұрдым. Облыстық филиал депутаттарымен кездесіп, жоспар құрып, бөгет жұмыстарына кірістік. Қолымыздан келетінін жасаудамыз. Осы екі арада басқа өңірдегі су тасқынының ахуалын көріп қайттым. Енді кері Атырауға келіп, жұмыстарды жалғастырамыз, – дейді сұхбаттасушымыз.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз