Қазақ тілі ұлтаралық тілге айналуы керек

iiiii Қоғам

Қазір еліміздің бірқатар өңірінде көктемгі су тасқыны орын алып жатыр. Сол себепті Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясының онлайн форматта өткені өте дұрыс шешім болды деп есептеймін.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы аталған сессия отырысында елде болып жатқан мәселелерді жәй айтып қойған жоқ, оның шешімдерін де атап өтті. Үкімет тарапынан және өз атынан үлкен көмек көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ ол өз сөзінде Ассамблеяның қоғамды бірлікке шақыратын ұйым екендігін дөп басып айтты. Қазіргі қиын-қыстау уақытта халықты ынтымаққа шақыра алғанымызды жеткізді.

Сондай-ақ жиын барысында мемлекеттік тілге баса назар аударылды. Мемлекет басшысының айтуынша, қазіқ тілі – ұлтаралық тілге айналуы қажет. Мен мұны құптаймын. Себебі қазақ елінде тұрып жатқан түрлі этнос өкілдері қазақ тілін құрметтеп және сол тілде еркін сөйлей алуымыз керек.


Андрей КОРОБЛЕВ, «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің өкілі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз