Өр суы «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» тас жолын бұзуда

aamaam Инфрақұрылым

Облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» тас жолының Қарабау ауылынан 30-35 шақырым қашықтықтағы «Ақтөбе» деп аталатын жерге уақытша салынған айналма жолдың өткелдерінен өр суы өтіп болмай, жолды бұзып кету қаупі төнді.

Бұл туралы Қызылқоға аудандық әкімдігі хабарлады.

Тасшағыл ауылының еріктілері түнгі мезгілде қапшыққа құм толтыру арқылы қауіптің алдын алса, қазір аудандық жедел штабтың ұйымдастыруымен «АИС» ЖШС-нің КамАЗ және басқа да арнайы техникалармен дамбы көтеру жұмыстары жүргізілуде.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз