Атырау қаласында Жайықтың деңгейі 3 сантиметрге өсті

img 20240421 wa0014 Жаңалықтар

Ресейден жіберілген өр суы БҚО-дағы Январцево ауылының тұсында бір тәулікте 2 сантиметрге төмендесе, Орал қаласында 10 сантиметрге көтерілді. Ал Көшімде – 18 см, Тайпақта 7 сантиметрге көтерілген.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары мәлімдеді.

Олардың ақпаратына сенсек, БҚО-дан келетін су есебінен Атырау қаласы тұсында Жайық деңгейі бір тәулікте 3 сантиметрге өсіп, қазір 412 сантиметрге жетті. Қауіпті деңгей – 550 см. Ал Индербор кентінде – 8 см, Махамбетте 7 сантиметрге көбейген. Иректі су қоймасынан секундына 252 текше метр су жіберілуде.
Волгоград су қоймасынан жіберіліп жатқан су есебінен Қиғаш өзенінің деңгейі бойынша да мәлімет жаңарды. Шортанбай мен Котяевка ауылдары тұсында бір тәулікте 16 сантиметрден көтерілсе, Ганюшкинода су деңгейі 5 сантиметрге артқан. Волгоград су қоймасынан 21 750 текше метр су жіберілуде.
Сондай-ақ Жем өзенінің суы бір тәуліте 3 сантиметрге төмендеді.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз