Исатайда оқушылар онлайн білім алуда

p Білім

Атырау облысындағы төтенше жағдайға байланысты Исатай ауданында мектеп оқушылары онлайн режимде білім алуда. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева мәлімдеді, – деп хабарлайды облыстық жедел штаб.

– Исатай ауданында төтенше жағдай кезінде онлайн оқыту нысанында оқу үрдісін ұйымдастыру туралы бұйрыққа сәйкес қазіргі таңда оқу процесі онлайн форматқа көшірілді. Онлайн оқыту барысында Daryn.online, Amansultan платформалары пайдаланылуда.
Сонымен қатар ағымдағы бақылаулар мен сынақтар өткізу тоқтатылды, – деді Г.Құрманғалиева.

Айта кету керек, Исатайда білім бөліміне қарасты 16 мектепте 5229 оқушы білім алады. Оларға 802 педогог дәріс береді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз