Индерде 7 мыңға жуық мал эвакуацияланады

img 20240401 wa0642 Ауыл шаруашылығы

Индер ауданында үй жануарларын қауіпсіз аумаққа көшіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Қазір арнайы бөлінген орындарға 5000-нан астам ұсақ мал және 1700 ірі қара мал көшірілді. Үй жануарларын көшіру жұмыстары Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі және ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары қатысады. Сондай-ақ қауіпті орындар белгіленіп, ықтимал су тасқынының арнайы картасы әзірленді.

– Қауіпсіз аймақтардың координаттары белгіленді. Бүгін Құрылыс және Жарсуат ауылынан қауіпсіз жерге қой малы шығарылуда. Сонымен қатар Жарсуатта малды көшіру орындары да анықталады, – деді Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Абай Әбдіров.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз