Алмалыға 35 чемпион келді

aaaaa Шаһар шырайы

Атыраудағы төтенше жағдайға байланысты облыстық «Атырау» волейбол клубының 35 спортшысы Алмалы ауылындағы бөгет соғу жұмысына күш біріктірді.

– «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұдан өзге қаладағы денешынықтыру сауықтыру орталығының алдында да жұмыс істеп, көмекті қажет ететін жерлерге баруды жоспарлап отырмыз. Мұның бәрі бірлікпен бітетін жұмыс. Спортшылар республикалық чемпионаттың соңғы турында ойнап, жүлделі үшінші орынды қанжығаға байлап қайтты. Келе сала осы жұмысқа кірісіп жатыр, – деді волейбол клубының құрылтайшысы Ғабиден Қайыржанов.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз