БҚО-да су деңгейі төмендеуде

uuuuuu Жаңалықтар

БҚО-да Жайық өзенінің төмендеуі байқалды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы мәлімдеді. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, Январцево ауылы тұсында су деңгейі – 7 см, Орал қаласында – 4 см, Көшімде 8 сантиметрге төмендеді.

БҚО-нан келетін су есебінен Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінде 6 метрден асты. Қауіпті деңгей – 845 см. Мұндағы көрсеткіш бір тәулікте 7 сантиметрге өскен. Махамбет кентіндегі гидропостта 6 сантиметрге көтеріліп, жалпы деңгейі 721 сантиметрден асты. Қауіпті деңгей – 850 см. Ал Атырау қаласында су 3 сантиметрге көбейіп, 425 сантиметрге жетті. Мұндағы қауіпті деңгей – 550 см. Иректі су қомасынан секундына 192 текше метр су жіберілуде.

Сондай-ақ Қиғаш өзенінің деңгейі Шортанбай бекетінде 8 сантиметрге өсіп, жалпы деңгейі 310 сантиметрге жетті. Котяевка ауылында – 9 см, Ганюшкинода 5 сантиметрге көтерілді. Волгоград су қоймасынан секундына 25 600 текше метр су жіберілуде.
Айта кетейік, Жем өзенінің деңгейі бір тәулікте 2 сантиметрге азайды.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз