Су деңгейі төрт сағат сайын бақылауда

img 20240421 wa0020 1 Жаңалықтар

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары осы жылдың ақпан айынан бастап құзырлы органдарды облыс аумағындағы өзендерде судың көбейетінін ескертті. Хабарламада гидрологиялық болжам бойынша Қазақстанның су басу қаупі жоғары саналатын аймақтарына Атырау облысы кіретіндігі көрсетілді.

Сондықтан наурыз айынан бастап өңірдегі гидропосттардан су деңгейін күнделікті гидрологиялық кесте арқылы ұсынып жүрміз. Бұл тұрғындар үшін алдын ала қамдануға көмектеседі. 1 наурыздан бастап күнделікті гидрологиялық бюллетень арқылы жергілікті басқару органы мен төтенше жағдай департаментін ақпараттандырсақ, кейін 7 сәуірден бастап гидропосттағы су деңгейін әр 4 сағат сайын бақылап, хабарлап отыруға көштік. Жалпы, төтеншеліктер арқылы дауылды ескертулер хабарламасы тұрақты түрде жіберілуде.
Сонымен қатар, облыстық әкімдікте өткен жиындарға қатысып, мұнайлы өлкенің су басу қаупі жоғары аймақта тұрғанын және гидрометеорологиялық жағдайымен құлақтандырудамыз. Бүгінде Жайық өзенінің суы алдағы күндері молаяды деп күтілсе, Қиғаш өзенінің суы қазірдің өзінде қарқынды түрде көбеюде. Ал Жем өзеніндегі көктемгі су тасқыны кезеңі аяқталды. Атыраулықтарды үрейге бой алдырмай, күнделікті таратқан ақпаратымыздан хабардар болып, кез келген жағдайға дайын отыруын ескертеміз.

Салауат ТӨЛЕНОВ, «Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филиалының директоры

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз